Алматы әкімдігі қоғамдық көлік мәселесіне қатысты түсініктеме берді: Автобустар саны өзгермеген
© Фото: Zakon.kz
Алматы әкімдігі 2026 жылғы 5 қарашада автобустардың шамадан тыс толып жүруіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, күн сайын қала көшелеріне 3 200 автобус шығады.
"Онда аялдамаларда неге әлі де кезек көп? Расында, автобустар рейсінің саны 20-30%-ға қысқарды. Алайда бұл тек жолаушылар ағыны азаятын қарбалас емес уақытқа қатысты. Сонымен қатар желідегі автобустар саны өзгерген жоқ. Кешігудің негізгі себебі – жол кептелісі. Көлік қозғалысы қиындағандықтан, автобустар кестеден ауытқып, олардың жүру аралығы ұзарып жатыр", – деп хабарлады әкімдіктен.
Әкімдік өкілдері тағы бір мәселені де еске салды.
"Жолаушылардың 40%-дан астамы жол ақысын төлемейді. Соның салдарынан төлем туралы деректер маршруттардың нақты жүктемесін көрсетпейді. Дегенмен бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Жолаушылар аялдамаларда аз күтуі үшін ең көп жүктелген маршруттарға қосымша автобустар жіберілуде", – деп хабарлады әкімдік.
Еске салайық, 28 қазанда Алматыда қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс кестесі өзгеретіні белгілі болды. Күндіз жолаушылар саны азайған кезде автобустар саны қысқартылып, ал таңертең және кешке олардың жүру жиілігі арттырылатыны хабарланған еді.
Бұған дейін де қала билігі қарбалас уақытта жолаушылардың 40%-дан астамы жол ақысын төлемейтінін де мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 5 қараша 2026
Конституциялық сот: Кінәсіне қатысты сейілмеген күмән айыпталушының пайдасына шешілуі тиіс
-
12:47, 5 қараша 2026
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстері көбейеді
-
12:30, 5 қараша 2026
Тоқаев Пәкістанмен кеден саласындағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды
-
12:00, 5 қараша 2026
Депозит бойынша сыйақыға салынатын салық: Қазақстанда маңызды мәлімдеме жасалды
-
11:47, 5 қараша 2026
Алматы тұрғындары демалыс күндері жеңілдікпен азық-түлікті қайдан сатып ала алады





