Кеденде электромобильді әкелуді қалай ресімдеуге болады: нені білу керек

© Сурет: unsplash
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қазақстандықтар жеке пайдалануға арналған бір электромобильді кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей әкеле алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Параграф" АЖ кедендік ресімдеуден өту үшін кеден бекетінде келесі құжаттарды ұсыну қажеттігін еске салды:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
- көлік құралына меншік, пайдалану немесе оған билік ету құқығын растайтын құжаттар;
- ілеспе құжаттар (СМR, жүкқұжат, шот-фактура, ПТС);
- жолаушы кедендік декларациясы.
Электр көлік құралын тіркеген Қазақстан Республикасы азаматының кедендік ресімдеуден өткен күннен бастап үш жыл ішінде Ресей азаматтары болып табылатын немесе Ресей Федерациясында тұрақты тұратын тұлғаларға осы электр көлігін иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын беруге құқығы жоқ екенін білу қажет.
2025 жылдың 5 мамырынан бастап Таразды айналып өтетін жол ақылы жолға айналғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:12, 24 қаңтар 2025
Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есеге көбейді
-
16:57, 20 қаңтар 2025
Қазақстандық алаяқтар автомобильдер «сата» бастады
-
16:00, 15 қаңтар 2025
Көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болады: қазақстандықтарға нені білу керек
-
09:35, 26 желтоқсан 2024
Mercedes-Benz сауда маркасының өндірушісі банкротқа ұшырады
-
09:52, 16 желтоқсан 2024
Бельгиядағы Audi қызметкерлері жұмыссыз қалады