Қазақстанда қысқы дөңгелекке ауысатын кез келді
Алматыда жақын уақытта қар жауады деп күтілуде. Дөңгелектерді ауыстыратын уақыттың жеткені ме?
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жаздық шиналар шамамен -5°C-та қата бастайды. Аязда жылуды жақсы көретін резеңке тез тозып, сынғыш болады, ал ең бастысы - өзінің тұтқырлық қасиетінен айырылады, деп жазады kolesa.kz.
Ал сәл де болса қармен не мұзбен көмкерілген жолда қатып қалған жаздық дөңгелектегі көлікпен қозғалу да, оны тоқтату да қиынға соғатыны анық.
Сонда, көлік шиналарын қашан ауыстырған жөн?
Бұл жағын әркім өзі шешеді — деп мәлімдейді ҚР ІІМ ӘПК.
Заң бойынша жаз мезгілінде ( маусым, шілде, тамыз) тайғанауға қарсы бұдырлары бар дөңгелектегі көлікпен қозғалуға тыйым салынған. Ал қыста (желтоқсан, қаңтар, ақпан) арнайы белгісі (үш шыңы мен ортасында қардың суреті бар тау басы түріндегі белгі мен "М+S", "M&S" және "M S" таңбалары) бар қысқы шиналармен жабдықталмаған көлікпен жүруге болмайды. Ал "жаздық резеңке" не "маусымаралық резеңке" сынды ұғымдарды Техникалық регламент қарастырмайды. Оның үстіне, қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы тиіс.
Бір сөзбен айтқанда, егер сіз көлігіңізге дәл қазір қысқы шиналар орнатамын десеңіз немесе жаздық дөңгелектермен жүруді (жақын арада басталатын көктайғақта бар жауапкершілікті өз мойныңызға ала отырып) жалғастырсаңыз, бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып саналмайды дейді полиция қызметкерлері.
Ал 1 желтоқсаннан бастап, көлікті басқаруда қысқы шиналардың болуы міндетті!
Осы орайда, шиналарға қойылатын жалпы талаптарды (протектор биіктігі, тозуы, бүлінуі бойынша) естен шығармаған жөн.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр