Қазақстанда дизельден кейін бензин қымбаттады
© Сурет: Павел Михеев / zakon.kz
Биыл отын нарығы мың құбылып, әсіресе дизельді көлік иелері әуре-сарсаңға түсті. Бір жылда олар екі рет солярка таппай қиналып, қымбатшылыққа да тап болды.
Соңғы дағдарыс күз келісімен басталған, артынан ірі желілер отын құнын 230 теңгеге дейін көтерді. Ал қысқы дизель Royal Petrol мен Petrol Asia-да 370 теңгеден саудаланып жатыр, дейді kolesa.kz.
Бензин бағасы соңғы уақытта біршама тұрақты болды. АИ-92 168-175 теңгеден сатылған. Алайда қазан айының орта тұсында оның да бағасы шарықтап кетті. Мысалы: Helios 20 қазан мен 1 қараша аралығында сұранысы жоғары жанармайдың бағасын үш рет ауыстырды (173-174-ке, кейін 177 және 178 тг).
Қазір ірі желіге тиесілі бекетке барсаңыз, 92-нің бір литрін 178 теңгеден аласыз. "Газпром" ғана бензинді 179 теңгеден сатып жатыр. 92-мен бірге АИ-95-тің де қымбаттағаны анық. Оның құны 205-214 теңге шамасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:38, 17 тамыз 2026
Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды
-
11:17, 30 шілде 2026
Audi өзінің ең үлкен кроссоверін таныстырды
-
11:28, 21 мамыр 2026
Mercedes-Benz ең қуатты электромобилін таныстырды
-
10:56, 19 мамыр 2026
BMW компаниясы соңғы үлгідегі моделін ұсынды
-
11:16, 2 қаңтар 2026
Қазақстандықтар енді көліктеріне өздері нөмір таңдай алады - ІІМ





