Қазақстан нарығына Tulpar атауы берілген Kia автокөліктерінің шектеулі топтамасы шығарылмақ
© Сурет: kia.com.kz
Қазақстандағы Kia ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін Allur Motor Qazaqstan компаниясы Kia-ның Қазақстан үшін арнайы өндірілген танымал модельдерінің шектеулі топтамасының нарыққа шыққанын хабарлайды.
Жаңа шектеулі топтамаға Tulpar деген атау берілді, бұл идея жылдам, төзімді және адал серік болған қанатты жылқы – тұлпар туралы аңыз-әңгімелерден бастау алды. Қазақтың эпостық жырларында Тұлпар – жылдамдықтың, еркіндіктің, ар-намыстың және шексіз дала кеңістігінің басты символы, ержүрек жауынгерлердің серігі және ұлы оқиғалардың жаршысы.
Сурет: kia.com.kz
Қазіргі заманға сай қайта ойластырылған бейне Kia автокөлік иелеріне ұлттық болмысы мен мәдени бірегейлікке деген адалдығын көрсетуге мүмкіндік береді. Tulpar топтамасының дизайны қазақ өнерінің бай мұрасынан шабыт алады: дәстүрлі ою-өрнектер Kia автокөліктеріндегі инновациялық технологиялармен астасып жатыр.
Tulpar шектеулі топтамасы танымал модельдерді қамтиды. Sorento-ның орташа өлшемді кроссовері мен K5 бизнес-класс седаны сатылымға шығарылды.
Сурет: kia.com.kz
Kia Sorento Tulpar авткөлігінің әсерлі, бай экстерьерін ерекше дизайндағы 20 дюймдік дөңгелектер тиянақтап тұр. Арнайы топтамадағы автокөліктердің айрықша белгісі – алдыңғы қанаттарында арнайы Tulpar бөлшегі бар.
Кроссовердің интерьері заманға сай ықшам, шектеулі топтама салонының төбесі алькантарамен әрленген. Mood Lamp динамикалық жарығы орнатылған. Педальдарының төсемдері ыңғайлы әрі төзімді металдан жасалған. Жылжымалы люгі бар мөлдір панорамалық төбесі барлық Sorento Tulpar автокөлігіне орнатылған.
Сурет: kia.com.kz
Bose премиалды аудиожүйесі салонда концерт залы немесе үй кинотеатры атмосферасын қалыптастырып, сүйікті композициялардан барынша ләззат алуға мүмкіндік береді. Шектеулі топтамадағы автокөліктер Tulpar эмблемасы бар салон төсеніштерімен жабдықталған, сонымен қатар автокөлік жүргізушісінің жиынтығына да арнайы таңба басылған.
Tulpar топтамасының автокөліктері Kia Sorento автокөлігінің ең жоғары жабдықталымына қарағанда қолжетімді бағамен, 23 990 000 теңгеден басталатын бағамен ұсынылады.
Сурет: kia.com.kz
Kia Sorento Tulpar және лимиттелген топтаманың басқа модельдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нарығына арналған Kia-ның барлық модельдер желісі туралы толық ақпарат брендтің ресми дилерлік орталықтарында және kia.com.kz сайтында қолжетімді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





