Алматыда демалыс күндері тағы бір көше жабылады
© Сурет: Zakon.kz
BRT құрылысына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылайын деп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 қарашада түнгі сағат 23:00-ден бастап 13 қараша сағат 6:00-ге дейін Жандосов көшесі Сүлейменовтен (бұрынғы Правда) Тимирязевке дейінгі аралығы түні бойы жабық болады. Ал жексенбі, 14 қараша күні таңғы 6-дан бастап Жандосов көшесінің "Плодик" аумағы бір тәулікке жабылады. Тек дүйсенбі, 15 қарашада таңғы сағат 6-дан бастап көлік қозғалысы ашылады, деп жазады kolesa.kz.
Демалыс күндері көлігімен көшеге шығайын деп отырған жүргізушілер осыны ескеріп, жүретін жолын алдын ала жоспарлап алсын.
Жандосов көшесінің бойымен Сүлейменов пен Үлкен Алматы өзені аралығындағы учаскеге BRT салу жұмыстары екі жыл бұрын жоспарланған еді. Алайда жер телімдерін сатып алу жұмыстарының ұзаққа созылып кеткені бар.
Әріпжан Әли
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





