Алматыда ақылы автотұрақты тегін пайдаланатындар тізімі кеңейтілді
© Сурет: АParking
Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен Алматы қаласындағы коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау аясында Алматы қаласының ақылы автотұрақтарында тұрақ орындарын тегін пайдалануға жеңілдіктер қосылды:
- ҰОС қатысушылары, мүгедектер және олармен теңестірілген тұлғалар, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- I және II топтағы мүгедектер, мүгедек баланың заңды өкілдері;
- "Алтын Алқа" және "Күміс Алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар;
- тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтік мемлекеттік нөмір белгілері бар және көк және қызыл түсті арнайы жарық белгілерімен және арнайы дыбыс сигналдарымен жабдықталған арнайы автокөлік жүргізушілері.
Қаулы 2021 жылғы 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бақытжан Отарбаева
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





