Ақылы жолдардың кейбірінің тарифі 50 пайызға арзандауы мүмкін
© Сурет: pixabay.com
Ақылы жолдардың жекелеген учаскелері бойынша төлемдер шамамен 50%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Төлем тарифтері 2013 жылы бекітілген. I-санаттағы жолдарға қатысты мынандай тарифтер қолданылып жүр: жеңіл автокөліктер үшін 1 км=1 теңге, ал автобустар мен жүк көліктері үшін рұқсат етілген жүк салмағына байланысты мүлдем басқа тарифтер сұралады. Бұл мөлшерлемелер қайта қарауға жатпайды. Жүк тасымалдаушылар бұл ретте шағымданған жоқ. Мәселе II-III санаттағы жолдарға қатысты. Біз арнайы "ҚазЖолҒЗИ" институтына нұсқаулар бердік. Көлік жиілігін ескере отырып, жол жүктемесі есептелді. Иә, олар шамамен 50% арзан болады. Бірақ, әзірге біз оларды мемлекеттік органдармен және "Атамекен" ұлттық палатасымен келісіп жатырмыз, - деді Камалиев брифингте.
"ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ басқарма төрағасы Асқар Маратұлының айтуынша, ұзындығы 5,8 мың шақырым учаскелер үшін жолдарды ақылы ету кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ.
Бірінші кезеңдеде биылғы жылдың 1 қазанынан қарашасына дейін - ұзындығы 1,8 мың км болатын І-санатты учаскелер үшін төлем енгізу жоспарлануда, - деп нақтылады ол.
Компанияның мәліметінше, бүгінде жеті жол учаскесі коммерциялық пайдалануға дайын, атап айтқанда: Нұр-Сұлтан - Павлодар, Шымкент - Өзбекстан шекарасы, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Тараз, Тараз - Қайнар, Қапшағай - Талдықорған, Нұр-Сұлтан - Көкшетау - Петропавл.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр