Автокөлік эволюциясы. Қиял мен шындық
Адамзат баласы келешек құрылғылары жайлы әрдайым қиялдаған. Автокөліктердің де сан түрлі нұсқасын армандаған болатын. Тіпті, 1800 жылдардың өзінде ұшатын, өздігінен жүретін, күн қуатымен қозғалатын, суда жүзетін, аэродинамикалық автокөліктердің талай үлгісі сызылған еді. Фантазиямыз орындалды ма? Қиялымыз қаншалықты жүзеге асты? Адамдардың қиялы мен автокөлік эволюциясына фотошолу жасап көрген едік.
1883 жыл. Телеграф пен телефон сымдарының арасындағы дирижабльден әйел адам ақы төлеп тұр.
1890 жылдар. Лондондағы электрлі көлік патенті.
1899 жыл, Франция. Автокөлік жарысының қатысушысы электрлі көлік жылдамдығын 100 км/сағ-тан (62 миль/сағ) асырады.
1935 жыл. «Modern Mechanix» журналының мұқабасындағы «Giro car» иллюстрациясы.
1942 жыл, 12 мамыр. Римде Альберт Горгони әзірлеген «Gone With The Mind» автомобиль моделінің алдыңғы жағы. Жаңа көліктің ерекшеліктері: синтетикалық шыныдағы ультра-аэродинамикалық корпус, батпақ шашырауынан қорғайтын құрал, алдыңғы терезе, басқыш, есік тұтқасы. Бұл ерекшеліктер арқасында үлкен үнемге қол жеттті.
Rodabaugh жасаған ретро-иллюстрация. Болашақтың электрлі автомобилі. Ол жермен жүріп, суда жүзіп, аспанда ұша да алады.
1956 жыл, Турин, Италия. «Golden Dolphin» деп аталған пластикалық автобус жасалды. Ол газотурбиналық қозғалтқыш арқылы жүрді. Сағатына 125 мильге дейін жылдамдық ала алатын.
1957 жыл. Х. Миллер жасаған иллюстрация. Жанұя өздігінен басқарылатын көлік ішінде үстел ойынын ойнап отыр.
1958 жыл. Детройт, АҚШ. Ford Motor Company құрастырған «Nucleon» моделді көліктің кеңейтілген үлгісі, атомды-қуат концепциясын пайдаланады.
1960 жыл. Лондон, Ұлыбритания. Чарльз Александр күн энергиясымен жүретін көлігін таныстыруда. 1912 жылғы Baker Electric модельді автомобильдің үстіне күн батареясы орнатылған.
1961 жыл. Өзін өзі басқаратын 3 дөңгелекті машина иллюстрациясы.
Шамамен 1950 жылдар. «Келешектің электрлі көлігі» иллюстарциясы. Электронды дисплей мен нұсқаулықтары бар көлік қала көшесінде жүріп келеді.
1967 жыл, АҚШ. American Motors пен Gulton Industries бірлесіп жасаған жоба. Үш жолаушыға, жақын қашықтықтағы сапарларға арналып жасалған. Эксперименталды көліктің ұзындығы – 85, ені – 69, биіктігі – 46 дюйм.
1980 жылдар… Ғалымдар мен инжинерлер автомобиль ішін жарықтандыруға икемді әрі жұқа жарық модульдерін пайдаланды. Сондай-ақ өте жұқа және икемді күн модульдері шамдар мен дисплейлерге энергия жеткізуі керек еді.
1990 жылдар… Батареядан қуаттану мен гибридті қозғалтқыш арқасында энергия үнемдеуде үлкен бетбұрыс жасалды. Суреттегі көлік – Suntera Sunray күн-электрлі машинаның прототипі, 1990 жылдардың соңында Гавай аралында жасалған.
2000 жылдар… Ұшатын көліктің қияли суреті. Арадан бірнеше жыл өткен соң, ұшатын автомобиль – Terrafugia пайда болып, қиял шындыққа айналды.
2011 жыл. Бейжің. Қытайдың «кремний алқабы» атанған Жонггуанджун көшесіндегі көрме. Балақай жаңа үлгідегі автомобильге жақындап келеді. Фольксваген компаниясы Қытайда «Халықтық автомобиль жобасын» бастаған. Бұл жоба азаматтардың өздері қалайтын көлікті құрастыруы үшін басталды.
2007 жыл, Жапония. Айналмалы қозғалтқышпен жұмыс істейтін Mazda Taiki концепциясы. Mazda-ның Nagare дизайндық бағдарламасы негізінде жасалған. Автомобильдің теп-тегіс, толығымен шыныдан жасалған төбесі мен бүктеле біткен артқы бөлігі көлік дизайнын жаңа деңгейге шығарды.
2005 жыл, Франкфурт. Германия. 61 халықаралық автомобиль көрмесі. Peugeot-тың жаңа ізденісі. «Moovie» көлігінің таныстырылу сәті.
Ford пен туристік көлік әзірлейтін Airstream компанияларының бірлесе жасаған жұмысы. Сутегі гибридті отын – футуристік крассовердің негізгі қуат көзі. Артқы бөлігінде 360 градустық бейнекамера орналасқан.
2007 жыл, Жапония. «Pivo 2» көлігі. «Жапонша» ойлаудың жемісі. Автотұрақтағы кептелістен құтылу үшін кабинасы дөңгелекпен бірге 360 градусқа айнала алады. Ал дөңгелектері 90 градусқа бұрыла алады. Әрбір доңғалақтың жеке электр қозғалтқышы бар. Көлік литий-ионды батарелардан қуат алады. Бір рет қуаттау – 78 миль жолға жетеді.
Pivo2-нің тағы бір ерекшелігі – жүргізуші әрдайым компьютер бақылауында болады. Компьютер жүргізушінің жүзі мен дауысына сараптама жасап отырады. Егер жүргізуші ашуланар болса, машинаның роботтық басы оны сабырға шақырады.
2009 жыл, Бонн. Германия. Бірінші Герман Электрлі Автомобильдер Конгресіне келушілер «Loremo EV» көлігімен танысуда. Өндірушінің айтуынша, көлік 20 кВт күш арқылы 170 км/сағ жылдамдықпен жүре алады.
2009 жыл. Әйел ұшатын болашақтың реактивті көлігімен қала үстін шарлап жүр.
2014 жыл. Электроника тұтынушыларының халықаралық көрмесі. Toyota i-Road үш доңғалақты көлігінің таныстырылуы.
2015 жыл, Калифорния. АҚШ. Фримонттағы Tesla зауытының сырт жағы. Көліктер қуаттанып жатыр.
2015 жыл, Шанхай. Қытай. Халықаралық автоиндустрия көрмесі. Tayota FV2 көлігі.
2015 жыл, Калифорния. АҚШ. Google компаниясы жасаған 2 адамдық көлік. Өздігінен басқарылады.
2021 жыл, АҚШ. Apple компаниясы құрастырған көлік. 2021 жылы нарыққа шығару жоспарланған.
20?? жыл. Қазақстан. Күтеміз…
Дереккөз: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды


































