Ақтаудағы мектептердің бірінде бірінші сыныптағы орындар саны таусылып қалды

10:47, 8 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Ақтау тұрғыны Маңғыстау облысы әкімінің Telegram-чатында №31 мектепте орындардың жоқтығына шағымданды. Оның айтуынша, бірінші сыныпқа қабылдау енді басталғанына қарамастан, бос орындар жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz ақпараты бойынша, әйелде – егіздер. Олар мектепалды даярлық сыныбын осы №31 мектепте оқыған. Әйелдің айтуынша, оларға бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталатындығы айтылған. Алайда, 3 сәуір күні орын санының толуына байланысты құжаттарды қабылдамаған.

Балалардың ата-аналары директорға жүгінбек болыпты, алайда олар тіпті кіре алмаған көрінеді.

Lada.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтамақ болып, қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметіне жүгінген. Ведомство алғашқы сыныптардың шынымен де үш күнде толып қалғанын растады.

"Жоғары сұранысқа байланысты қосымша бірінші сыныптарды ашу туралы шешім қабылданды. Ата-аналар резервке тіркелуі керек",-деп мәлімдеді қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Рудныйдағы балаларға көмек көрсету орталығынан екі жасөспірім қашып кеткендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!