Украина экс-премьері Яценюк бала-шағасын алып елден қашты

16:25, 3 маусым 2019

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Арсений Яценюк апыл-ғұпыл заттарын жинап, бала-шағасын алып Украинадан кетіп қалды, деп хабарлайды Elise Journal-ға сілтеме жасаған "Московский комсомолец".

Баспасөзде жүрген ақпаратқа сай, Яценюктің туған-туыстарының барлығы дерлік шетелдің азаматтығын алып алған, әрі Украинаға енді қайтып оралмайды.

Нақты айтқанда, Арсений Петровичтің екі қызы, әпке-қарындастары мен әке-шешесі АҚШ азаматтығын алып қойған, Яценюктің әйелінде Вануату азаматтығы бар.

Арсений Петрович Яценюк – Украинаның саяси және мемлекеттік қайраткері, депутат.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!