Түркияда жұмыссыздар саны 3 миллион адамнан асты
Түркияда соңғы 6 айда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатындардың көрсеткіші 53 процентке артып, 654 мың кісіні құрады, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.
Елдің жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіш 2018 жылдың тамыз айында 427 мың болған. Жалпы ел көлемінде жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіргендердің саны 3 миллион 775 мың.
Өткен жылдың сәйкес маусымымен салыстырғанда 1 миллион 318 мың кісіге көп. Бұл тек қана тіркелгендердің саны.
Сарапшылардың пікірінше, ахуалдың мұндай сипат алуына елдегі экономикалық жағдай мен доллар бағамының өсуі әсер еткен. Осы себепті, бірқатар кәсіпорындар жабылса, енді бірі қысқарту жұмыстарын жүргізген.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады