«Түк есімде жоқ». Пермьде қанды қырғын салған бозбала есін жиды

15:59, 24 қыркүйек 2021
715

© Сурет: Pixabay

Пермьде қарнды қырғын салған студент Тимур Бекмансұровтың денсаулығының жағдайы туралы айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Mash Telegram-арнасының хабарлауынша, ол есін жиған.

Оның жағдайы жақсарды. Ол ештеңе есінде жоқ екенін, өзінің амнезияға ұшырағанын айтады.

Бірнеше күн бұрын Бекмансұровтың аяғы кесілді, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады.

Айта кетсек, 20 қыркүйекте ресейлік студент Пермьдегі жоғары оқу орны ауласындағы адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам қаза тапты. Оқ атқан адамның өзі ұсталды. Дәрігерлер жаралы бозбаланың комада жатқанын, сол аяғын тізесіне дейін кескендерін айтқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!