Трамп украиналық ұшақтың «техникалық ақаудан құлады» деген болжамына сенбейтінін айтты

15:05, 10 қаңтар 2020

Украиналық Boeing-737 ұшағына қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп та мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ақ үй басшысы "ұшақ техникалық ақаудан құлады" деген болжамға күдікпен қарайтынын және "оны Иран күштері қателесіп атып түсіруі мүмкін", деп отыр.

"Оқиғаның анық-қанығына көз жеткізу үшін Тегеран ұшақтың қара жәшіктерін Boeing бірлестігіне немесе Францияға беруі тиіс", - дейді.

Ал соңғы мәліметке қарағанда, Иран тарапы Американың көлік жөніндегі ұлттық кеңесін апатты тергеуге қатысуға шақырған.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Менің өз болжамым бар. Бұл орны толмас үлкен қайғы. Ұшақ қауіпті аймақта кетіп бара жатқан. Кейбіреулер апатқа техникалық ақау себеп дейді. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!