Теңіз арқылы Испанияға бет алған 10 мыңнан астам мигрант қаза тапты
© Сурет: pixabay
26 желтоқсанда испандық мигранттардың құқықтарын қорғау тобы жылдық есепті шығарды. Деректерге сүйенсек, биыл теңіз арқылы Испанияға жетпек болған 10 мыңнан астам мигрант көз жұмған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Global News ақпаратынша, ағымдағы жылы күн сайын аталмыш елге қайықпен жетпек болған 30 мигрант қаза тапты. Өлімнің жалпы саны 2023 жылмен салыстырғанда 58%-ға өсті.
15 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген 10 457 өлімнің көпшілігі әлемдегі ең қауіпті деп саналатын Атлантикалық маршрут қиылысында болды.
Қаза тапқандардың арасында 1538 бала мен 421 әйел бар. Өлімнің көп саны сәуір мен мамыр айларында тіркелген.
Бұған дейін Албанияда TikTok-қа бір жылға тыйым салынатындығы хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:38, 27 желтоқсан 2024
Альпі тауларында қар астында қалып қойған венрлық туристтің денесі табылды
-
09:59, 27 желтоқсан 2024
Египетте жаңа әкімшілік астана ашылды
-
14:47, 25 желтоқсан 2024
Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
-
09:56, 25 желтоқсан 2024
Сноубордтан 2023 жылғы Универсиада чемпионы Альпі тауында қазаға ұшырады
-
15:05, 24 желтоқсан 2024
Ресей мұсылмандарына көп әйел алуға қайтадан тыйым салынды