Әкімдіктер жыл сайын ТЖМ-ге азаматтық қорғаныс мүлкінің дайындығы туралы хабарлауға міндеттелді
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Төтенше жағдайлар министрі 2024 жылғы 19 желтоқсандағы бұйрықпен жаңа редакцияда азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану ережелерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ережелерге сүйенсек, азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
Азаматтық қорғаныс мүліктері бейбіт және соғыс уақытында қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының әсерінен және қауіпті заттардың шағарылуына байланысты төтенше жағдайлардан халықты қорғау үшін сатып алынады.
Азаматтық қорғаныс мүліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады.
Азаматтық қорғаныс мүлкін құру азаматтық қорғаныс жоспарларында көрсетілген қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданудың ықтимал жағдайын, ал тиісті аумақта төтенше жағдай қаупі туындаған және төнген кезде — төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын есепке алып айқындалады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 1-10 желтоқсаны аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту, әзірлікте ұстау, есептен шығару және кәдеге жарату жөніндегі ақпаратты береді.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын азаматтық қорғаныс мүліктің, тікелей мақсаты бойынша қолданылады.
Азаматтық қорғаныс мүлкін соғыс уақытында пайдалану азаматтық қорғаныс жоспарында белгіленеді. Азаматтық қорғаныс мүлкін бейбіт уақытта пайдалану төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында белгіленеді.
Азаматтық қорғаныс жоспарларында және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында азаматтық қорғаныс мүлкін беру пункттері, мерзімдері, саны және объектілер бойынша бөліп беру кезектілігі, қоймалардан алуға және беру пункттеріне жеткізуге жауапты адамдар, азаматтық қорғаныс мүлкін беруді, өлшеміне келтіру және тексеруді ұйымдастыру, тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету тәртібі айқындалады.
Бұйрық 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:36, 27 желтоқсан 2024
Қостанай облысында жолаушылар мінген шағын автобус жолда қалып қойды
-
22:28, 27 желтоқсан 2024
Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады
-
21:47, 27 желтоқсан 2024
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
-
21:17, 27 желтоқсан 2024
Шаңғымен трамплиннен секіруден төрт қазақстандық спортшы Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
-
20:45, 27 желтоқсан 2024
Оралда ер адамның шырша ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды