Қазақстандық үш пауэрлифтердің қанынан допинг табылды

11:24, 27 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

Еліміздің намысын қорғайтын үш пауэрлифтер, атап айтқанда Константин Курлаев, Полина Щербина және Арслан Сүйінішалиев допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, бұл спортшылар біраз уақытқа спорттан шектетіледі, алайда қайтып оралулары қиынға түспек.

  • Константин Курлаев: 2024 жылдың 5 қазанында дростанолонды қолданғаны үшін ұсталды. Дисквалификация мерзімі — үш жыл: 31.10.2024 – 31.10.2027.
  • Полина Щербина: 2024 жылдың 2 қазанында дростанолонды қолданғаны үшін ұсталды. Дисквалификация мерзімі — үш жыл: 31.10.2024 – 31.10.2027.
  • Арслан Сүйінішалиевтің жағдайы біршама күрделі, өйткені оның қанынан үш дәрі табылды – LGD-4033, кломифен, метандиенон. Бұл деректер 2024 жылдың 1 маусымында анықталды. Ол бес жылғы шеттетіледі: 02.08.2024 — 02.08.2029.

Бұған дейін қазақстандық үш теннисшінің Australian Open 2025 турниріне қатысатындығы хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!