Таиланд астанасының орталық көшесінде үлкен шұңқыр пайда болды
© Сурет: pixabay
Бангкоктың орталығындағы Ваджир ауруханасының маңында жолдың бір бөлігі опырылып түсіп, салдарынан 50 метр тереңдіктегі үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Bangkok Post газетінің хабарлауынша, оқыс оқиға видеоға түсіп қалған, одан асфальт төсемнің бір мезетте жер астына гүмп етіп түскенін, электр бағандарының ауада салбырап қалғанын көруге болады. Көлік жүргізушілері дер кезінде шалт әрекет етіп, шұңқырға құламай қалады.
Үңірейген шұңқырға екі электр бағаны мен жол бойында тұрған полиция көлігі түсіп кеткені белгілі болды.
Басылым жергілікті биліктің жолдың іргелес учаскелеріндегі қозғалысты жедел реттеп, шектеу шараларын қабылдағанын атап өтеді. Медициналық мекеме науқастарды қабылдауды уақытша тоқтатып, жақын маңдағы ғимараттардан 3,5 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Алдын ала келтірілген мәліметтерге сүйенсек, аурухана ғимаратына төтенше жағдай әсер етпеген.
Жолдың ортасына түсіп кетуіне не түрткі болғаны әлі анықталған жоқ. Мамандар оқиғаға қатысты тергеу шараларын жүргізуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:29, 23 шілде 2026
Ұлыбритания толықтай электронды визалар жүйесіне көшті
-
11:53, 23 шілде 2026
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты
-
11:32, 23 шілде 2026
Парижге саяхаттап келген миллиардер 1,3 млн еуролық әшекейлерін қолды қылды
-
17:15, 21 шілде 2026
Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасы: ойындарға билетті қалай сатып алуға болады
-
10:45, 21 шілде 2026
Сингапурда туристер құны 72 миллион теңгелік гауһар тасты ұрлап кеткен





