Шарасыз түркімендер Түркіменбашының жаңа кітабын сатып алуға мәжбүр
Түркіменстандағы Лебап уәлаятінің билігі президент Гурбангұлы Бердымұхаммедовтің жақында жарыққа шыққан "Түркімен мемлекеттігінің қағидалары" кітабын бюджет қызметкерлеріне мәжбүрлеп сатып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Азатлык радиосы тілшісінің хабарлауынша, кітап облыс орталығындағы дүкендерде ғана сатылып жатыр. Мысалы, Фарап этрапындағы бюджет қызметкерлері бұл еңбекті сатып алу үшін 35 шақырым жерде орналасқан Түркіменабатқа баруға мәжбүр.
Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары 4 қыркүйекте президент Бердымұхамедовтің жаңа кітабы жарыққа шыққанын хабарлады.
"Осы аптада Фарап ауданындағы "Женди" ауылдық кеңесінің Мәдениет үйінде істейтін жұмысшылар кітап іздеумен болды. Билік тапсырмасын орындамау - мемлекетті сатумен тең" деп хабарлады тілші.
Кітаптың ресми бағасы әзірге белгісіз. Жергілікті кәсіпорынның бір қызметкері оны 60 манатқа (шамамен 17 доллар) сатып алған.
Биыл Түркіменстанда тұрғындар президент суретіне, мақта жинауға, иттерге арналған үй салуға, коронавирусқа қарсы құрал-жабдықтар сатып алуға ақша жинауға мәжбүр болды.
Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов 11 жыл билігі кезінде өз атынан 60-тан астам кітап шығарды. Олардың ішінде дәрілік шөптер, ақалтеге тұқымы, ит асырау секілді тақырыптарға жазылған кітаптар да бар.
Президент кітаптарын елдің білім мекемелерінде оқиды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 15 мамыр 2026
Анталья әуежайы жеке трансферлерге арналған тәртіпті өзгертті
-
11:35, 15 мамыр 2026
Чехиядағы шіркеуден ортағасырлық әулиенің бас сүйегі ұрланды
-
10:34, 15 мамыр 2026
Өзбекстан алғашқы ғарышкерін іздестіріп жатыр
-
10:27, 15 мамыр 2026
Үндістанда болған алапат дауыл әлеуметтік желіні шулатты
-
10:16, 15 мамыр 2026
Кипрде демалыста жүрген әйелдің баласын ұрлап кеткен





