«Сахнаға лап қойып, бірін-бірі таптаған». Үндістанда сайлау алды митингі кезінде 39 адам қаза тапты
© Сурет: видеодан алынды
Үндістанда Тамилнад штатында актер әрі саясаткер Виджайдың сайлау алды митингі кезінде жұрт жаппай сахнаға лап қойып, бір-бірін таптауы салдарынан 39 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Штаттың бас министрі М.К. Сталиннің мәліметінше, қаза тапқандар арасында 17 әйел, 13 ер адам және жеті бал бар. Тағы 51 адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін көршілес округтерен ондаған дәрігерлер тартылды, деп хабарлайды CNN 2025 жылы 28 қыркүйекте.
Сайлау алды науқан насихаты жүк көлігінің үстінде актер мыңдаған жақтастары алдында сөз сөйлеген. Жергілік БАҚ жариялаған видеодан Виджайдың топ адамға қарай судың бөтелкесін лақтырып, полицияны көмекке шақырғанын көруге болады.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди аталған жайтқа байланысты көңіл білдіріп, бұл оқиғаны зор өкінішпен қабылдағанын айтты.
Штат билігі зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы төлеуге уәде берді және қайғылы оқиғаны тергеу үшін комиссия тағайындалды.
Виджайдың митингілері бұрын да қауіпсіздік мәселесін тудырған: өткен жылы оның Tamilaga Vettri Kazhagam партиясының жиналысынан кейін алты адам қаза тапқан болатын.
Бұған дейін Иранға қарсы БҰҰ санкциялары 10 жылдан кейін қайта өз күшіне енгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





