Роналдудың кішкентай жанкүйері алаңға жүгіріп шықты

12:29, 12 қараша 2021

© Сурет: twitter/brfootball

Ирландия мен Португалия кездескен 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы 0:0 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрешінің соңғы ысқырығынан кейін алаңға өзінің кумирі Роналдуды құшақтау үшін кішкентай қыз жүгіріп шықты. Ал Португалия құрамасының шабуылшысы стюардтан қызды өткізіп жіберуін сұрап, жас фанатына жейдесін сыйлады.

Португалия командасы осы тең ойыннан кейін 17 ұпаймен өз тобында бірінші орын алды. Сербия құрамасы тура сонша ұпай жиды.

Соңғы турда Португалия мен Сербия ойнайды. Матч 14 қарашада Лиссабонда өтеді.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!