Ресей президенті ядролық үштіктің басты міндетін атады
© Фото: akorda.kz
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресей мен Беларусьтің ядролық оқу-жаттығуларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
БелТА агенттігінің мәліметінше, Ресей басшысы ядролық үштік Ресей мен Беларусь Одақтық мемлекетінің егемендігіне кепіл болуы тиіс екенін айтты.
"Әлемдегі шиеленістің күшеюін, жаңа қауіптер мен тәуекелдердің пайда болуын ескере отырып, біздің ядролық үштігіміз бұрынғыдай Ресей мен Беларусь Одақтық мемлекетінің егемендігінің сенімді кепілі болуы керек", – деді ол.
Путиннің сөзінше, ядролық үштік стратегиялық тежеу міндеттерін орындауды, ядролық тепе-теңдік пен жаһандық деңгейдегі күштер балансын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
19-21 мамыр аралығында Ресей мен Беларусь соғыс жағдайында ядролық күштерді дайындау және қолдану бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізіп жатыр.
Батыс елдерінде бұл маневрлер алаңдаушылық туғызды. Көптеген сарапшылар мұны Мәскеудің "белгісі" ретінде бағалаған.
Ал Беларусь Қорғаныс министрлігі бұл жоспарлы оқу-жаттығулар екенін айтып, олардың "үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын және аймақ қауіпсіздігіне қатер төндірмейтінін" мәлімдеді.
Бұған дейін "Талибан" қыздардың үнсіздігін некеге келісім деп танығанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:15, 14 шілде 2026
Биньямин Нетаньяхуға халықаралық іздеу жарияланды
-
15:57, 13 шілде 2026
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
-
09:46, 13 шілде 2026
Аптап ыстық Францияны әбден әбігерге салды: ядролық реакторлар мен мерекелік шаралар тоқтатылды
-
09:24, 13 шілде 2026
Израиль әскері ХАМАС-тың қару-жарақ өндіретін нысанына соққы жасағанын мәлімдеді
-
14:58, 12 шілде 2026
Иран Парсы шығанағы елдеріне тағы да әуеден шабуыл жасады





