Ресей Думасы Кеңес Одағын жаңғырту туралы айта бастады

09:32, 8 қараша 2021

© Сурет: duma.gov.ru

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты кенеттен Кеңес Одағының қайта жаңғыруы басталды деп мәлімдеді. Депутат Калашников Ресей мен Беларусь одақтық келісімдерге қол қойғаннан кейін осындай қорытындыға келді.

Ресейлік саясаткер түсіндіргендей, Одақ құрылса, Беларусьте де, Ресейде де білім алып, жұмыс істеуге мүмкіндік туады, ал азаматтар бір елден екінші елге еш кедергісіз және құжатсыз жүре алады.

Уақыт өте келе, ресейлік депутаттың айтуынша, бұл одаққа КСРО құрамында болған басқа елдер де қосылуы мүмкін. Депутаттың айтуынша, уақыт өте келе Одақ өте тартымды бола алады және оған қосылуға ниет білдірушілер көбейеді. Бірнеше жылдан кейін осы одаққа кірген барлық елдерге ортақ парламент пен бірыңғай заңнама пайда болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін көптеген саясаттанушылар Ресей мен Беларусь Одақтық мемлекет құра алатынына қатты күмәнданған. Саяси сарапшылардың пікірінше, басты мәселе – Беларусь президенті Александр Лукашенконың шетте қалғысы келмейтіні және ол мұндай мемлекеттің басшысы Владимир Путин болатынын жақсы біледі.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!