Ресей азаматы «Эйфель мұнарасынан құлап», ауруханаға түсті
© Сурет: pexels
Ресейдің Саратов облысына қарасты Балаково қаласының тұрғыны ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жігіттің айтуынша, ол Эйфель мұнарасынан құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл тосын оқиға туралы 2026 жылғы 22 қаңтарда Балаково қалалық клиникалық ауруханасында мәлімдеді.
"Сейсенбі, 13 қаңтар күні Балаково қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне, биіктіктен құлаған науқас түсті. Алғашқы тексеру мен сынама алу кезінде ол дәрігерлерге Эйфель мұнарасынан құлағанын айтты. Әрине, дәрігерлер алғашында сенбеді. Алайда науқас шын айтып тұрғанын жеткізіп, суреттер көрсеткен. Суретте шынымен париждік мұнараға ұқсас, биік металл конструкция бейнеленген екен. Белгілі болғандай, бұл экстрим-селфи түсіруді ұнататындар жиі баратын орын көрінеді,- деп баяндады аурухана өкілдері.
Сурет: vk.com/balakovskayagkb
Мамандардың айтуынша, науқастың екі қабырғасы сынып, жұмсақ тіндері зақымданған.
"Жедел диагностика, ауырсынуды басу және уақтылы көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында қазір оның жағдайы тұрақты, келесі аптада ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр", – деп мәлімдеді дәрігерлер.
Бұған дейін Жапонияда бұрынғы түрмені сәнді қонақүйге айналдырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:29, 13 наурыз 2026
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы алғашқы үндеуінде кек алатынын мәлімдеді
-
10:26, 13 наурыз 2026
Жерге магниттік дауылдар соғады
-
15:44, 12 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс Түркияның туризм саласына әсер етуде
-
12:56, 12 наурыз 2026
Иранның жаңа жоғарғы басшысы жарақат алды
-
12:42, 12 наурыз 2026
Қытайда үйрек баққан фермер кенеттен олжаға кенелді





