Рекорд жаңарды: 18 сағат ішінде 6 зымыран ғарышқа ұшты

© Сурет: pixabay
18 сағаттың ішінде 6 түрлі зымыран тасығыш орбитаға ұшты. Осылайша, бұған дейінгі 24 сағат ішінде 4 зымыран ұшқан әлемдік рекорд жаңартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Naked Science мәліметі бойынша, алғашқы зымыран Қытайдан аттанған. Онда 28 сәуірде ауыр Long March 5B зымыраны Хайнань аралында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағынан, Guowang кеңжолақты байланыс мегажүйесіне арналған спутниктерді төменгі жер орбитасына ұшырды.
32 минуттан кейін Калифорниядағы Ванденберг ғарыш күштерінің базасынан SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны ұшырылып, төменгі жер орбитасына 27 Starlink интернет спутнигін жеткізді.
Содан кейін, 29 сәуірде Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш күштерінің станциясынан United Launch Alliance компаниясының Atlas V зымыраны Project Kuiper кеңжолақты байланыс мегажүйесіне арналған алғашқы спутникті ұшырды.

Сурет: Space
Шамамен 3,5 сағаттан кейін NASA-ның (Флорида) Кеннеди атындағы ғарыш орталығынан Falcon 9 жаңа зымыраны жұлдыздарға аттанды. Ол орбитаға 23 Starlink жерсерігін шығарды.
Одан кейін Arianespace компаниясының Vega-C зымыраны Еуропалық ғарыш агенттігінің орман мониторингіне арналған Biomass жерсерігін Жер маңындағы төмен орбитаға сәтті жеткізді. Ұшыру Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан жүзеге асты.
Содан соң Firefly Aerospace компаниясының Alpha зымыран тасығышы Ванденберг әскери-әуе базасынан Lockheed Martin компаниясының спутниктік технология демонстраторымен ұшырылды. Алайда бірінші және екінші сатылардың бөліну сәтінде апат орын алып, пайдалы жүктеме жоғалып кетті.
Осылайша 17,5 сағат ішінде алты орбиталық ұшыру жүзеге асты, олардың бесеуі сәтті болды.
Бұған дейін ежелгі Мысыр саркофагында Құс жолының көне бейнесі табылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 11 маусым 2025
Лос-Анджелестегі жаппай тәртіпсіздіктер: қала мэрі төтенше жағдай енгізіп, коменданттық сағат жариялады
-
11:07, 11 маусым 2025
Үндістан халқы 1,5 миллиард адамға жақындады
-
10:54, 11 маусым 2025
Лос-Анджелесте бүлік басталды
-
10:38, 11 маусым 2025
Дубайда әлемдегі ең биік метро станциясы салынады
-
10:18, 11 маусым 2025
Жапонияда үш метрлік қанаты бар ерекше құс табылды