Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына келді

08:20, 18 желтоқсан 2025

© Сурет: akorda.kz

18 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Императорлық сарайына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысын Жапония Императоры Нарухито қарсы алды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, 17 желтоқсанда Токио қаласындағы Ханэда халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Жапонияның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Аяно Кунимицу қарсы алған болатын. Бұған дейін Қазақстан Президентінің Жапонияға сапары барысында жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан асатын келісімдерге қол қойылатыны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!