Қостанай облысында үш балықшы суға батып, көз жұмды
© Фото: zakon.kz
Қостанай облысында 2026 жылғы 20 қазан мен 14 қараша аралығында балық аулауға шыққан үш ер адам суға батып кетті. Қайғылы оқиғалар күзгі балық аулау кезеңінде тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алау" басылымы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасай отырып, қайғылы жағдайлардың үш ауданда тіркелгенін нақтылайды:
- 20 қазанда Әулиекөл ауданы, Диевка ауылы маңындағы Мырзакөл көлінде Тобыл қаласының 60 жастағы тұрғыны суға батып кетті.
- 7 қарашада Ұзынкөл ауданы, Амречье ауылының маңындағы Бабье көлінде іздеу тобы қамыстың арасынан, жағадан 500 метр қашықтықтан 61 жастағы ер адамның денесін тапты. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, әкімдік қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
- 14 қарашада Бейімбет Майлин ауданы, Евгеновка ауылының маңындағы Матай көлінен Қостанай ауданы Константиновка ауылының 53 жастағы тұрғынының денесі судан табылды.
ТЖД деректері бойынша, өткен жылдың осындай кезеңінде өңірде суға батқандар бойынша бір де бір дерек тіркелмеген.
Бұған дейін құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасының қамыстары арасында адасып қалған төрт балықшы туралы хабар түскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 18 қараша 2026
IMEI-коды да бар: Қарағанды тұрғыны iPhone көшірмесіне түпнұсқа құнын төлеген
-
19:42, 18 қараша 2026
Маңғыстау облыстық полиция бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды
-
19:34, 18 қараша 2026
Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты салық режимін қайта қарастыру ұсынылады
-
18:57, 18 қараша 2026
Депутат интернеттегі көріпкелдерге қатысты заңға қандай өзгерістер енгізілгелі жатқанын айтты
-
18:48, 18 қараша 2026
«Есікті іштен бекітіп алған». Қарағандыда сауда үйінен ер адамның денесі табылды





