Пентагон Ресей мен Қытайды әлемдік тәртіпті өзгертуге тырысып жатыр деп айыптады

10:24, 7 ақпан 2020

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер Ресей мен Қытайды әлемдегі тәртіпті өзгерту үшін басқа елдерге қысым көрсетуге тырысып бағуда деп айыптады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Мұндай мәлімдемені Қорғаныс министрі Джонс Хопкинс университетінде сөйлеген сөзінде айтты.

Пентагон басшысының айтуынша, Мәскеу мен Бейжің халықаралық тәртіпті қайта жазып, белгіленген нормаларды қайта қарауға тырысып жатыр. Эспер Ресей Федерациясы мен Қытайды стратегиялық артықшылықтарын пайдалана отырып, көрші шағын мемлекеттердің егемендігін бұзды деп айыптады.

Министр Ресей гибридтік соғыс арқылы өзінің аймақтағы ықпалын кеңейтіп, сонымен қатар басқа мемлекеттерге қарсы "зиянды кибер операцияларды" ұйымдастыратынын айтады. Оның пікірінше, Қытайдың айла-шарғылары қатарында "зияткерлік меншікті ұрлау" және "Бір белдеу - бір жол" жоспары аясында басқа мемлекеттерге экономикалық амалмен қысым көрсетуі жатады.

6 ақпанда АҚШ әскери-теңіз күштерінің вице-адмиралы Эндрю Льюис Атлант мұхиты мен елдің шығыс жағалауы соңғы жылдары қарқын алып келе жатқан Ресей суасты қайықтарының белсенділігіне байланысты қауіп туғызады деп мәлімдеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!