Пәкістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады

12:43, 23 қыркүйек 2021

© Сурет: Pixabay

Пәкістан Әскери-әуе күштерінің оқу-жаттығуға арналған ұшағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мардан ауданы тұсында апатқа ұшырады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС -қа сілтеме жасап.

Ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады.

Әуе күштері өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Geo News хабарлағандай, ұшқыштың өлі-тірі екені белгісіз.

Апаттың себебін анықтау үшін апат орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, делінген хабарламада.

Дәл осындай апат биылғы жылдың тамызында Пәкістанның солтүстігіндегі Атток қаласының маңында оқу-жаттығу кезінде орын алды. Әуе күштерінің жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған. Ол кезде екі ұшқыш та катапульт көмегімен аман қалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!