Пекин қысқы Олимпиадаға шетелден жанкүйер кіргізбейтін болды

15:35, 30 қыркүйек 2021

© Сурет: Jason Lee (Reuters)

Шетел жанкүйерлері Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыстарға кіре алмайды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Билеттер Қытайдың құрлықтағы бөлігінде тұратындарға ғана сатылады, бірақ олар коронавирус талаптарына сай болуы тиіс. Халықаралық олимпиада комитеті осындай шешім қабылдады.

Бұған қоса, ХОК қаулысына сәйкес, вакцинаның екі дозасын да салдырмаған атлеттер Пекинге келген соң үш апта карантинде болуы тиіс.

Қысқы Олимпиада ойындары Пекинде 2022 жылдың 4 ақпанында басталып, 20 ақпанында аяқталады. Жанкүйерлер хоккей турнирін асыға күтіп жүр. Өйткені осы жолы, сегіз жыл үзілістен соң, Олимпиадаға Ұлттық хоккей лигасының үздік хоккейшілері қатысады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!