Оңтүстік Корея цифрлық көшпенділерге арналған жаңа виза енгізді
© Сурет: pixabay
7 шілде күні Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі цифрлық көшпенділерге (Digital Nomad) арналған визаның ресми түрде іске қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстік Кореяның электрондық үкіметінің ресми сайтының мәліметінше, бұл виза шетел азаматтарына елде үш жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Алғашында виза бір жылға беріледі, кейін оны екі рет ұзартуға болады.
Виза алу үшін қойылатын ең төменгі жылдық табыс мөлшері үміткердің жасына және қай өңірде тұруды жоспарлайтынына байланысты белгіленген:
- 18–34 жас аралығындағылар және Сеул, Инчхон мен Кёнгидо өңірлерінен тыс жерде тұратындар – жылына кемінде 37 мың АҚШ доллары табыс табуы қажет.
- 18–34 жас аралығындағылар және астаналық өңірде (Сеул, Инчхон, Кёнгидо) тұратындар – жылдық табысы кемінде 55 мың АҚШ доллары болуы тиіс.
- 35 жастан асқан үміткерлер өңірлерде тұрса – жылына кемінде 55 мың АҚШ доллары табыс көрсетуі керек.
- 35 жастан асқан азаматтар астаналық өңірде тұрғысы келсе – жылдық табысы кемінде 74 мың АҚШ доллары болуы қажет.
Сонымен қатар өтініш берушінің өз мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт. Бұдан бөлек, сотталмағаны туралы анықтама мен медициналық сақтандыру полисін ұсынуы қажет.
Егер өтініш беруші отбасы мүшелерімен бірге көшіп келетін болса, бұл жағдайда жасына қатысты талап қолданылмайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:35, 11 шілде 2026
Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты - видео
-
15:45, 11 шілде 2026
Ұлыбританияда аборт пен эвтаназияға қарсы танымал саясаткерді өлтіріп кетті
-
14:23, 11 шілде 2026
Венесуэладағы қатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты - зілзала салдары
-
11:55, 10 шілде 2026
Түркияның Бодрум қаласында алапат өрт тұрғын үйлерге қауіп төндірді
-
13:09, 9 шілде 2026
WhatsApp-та жаңа функция пайда болады: бұл жаңалық бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін





