Непалда құтқару жұмыстары тоқтатылды: көл жағасынан асып, таси бастады
© Сурет: pexels
Непал мен Тибет шекарасындағы көшкін салдарынан пайда болған көл жағасынан асып, таси бастады. Жаңа су тасқыны қаупіне байланысты құтқарушылар іздестіру жұмыстарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының мәліметінше, маңайдағы елді мекендерді су басу қаупі туындаған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар үйлерін тастап кеткен. Қалыптасқан жағдайға байланысты мамандар іздестіру-құтқару жұмыстарын уақытша тоқтатты. Қайта су басу қаупіне байланысты Расува ауданында тікұшақтардың көмегімен жүргізіліп жатқан операция да доғарылды.
Полиция мен туризм саласындағы ведомстволардың мәліметінше, Непалда із-түзсіз жоғалған 826 адамның 500-ден астамы – шетел азаматтары. Олардың арасында Үндістанның 177, АҚШ-тың 90, Австралияның 34, Ұлыбританияның 33 және Канаданың 25 азаматы бар.
Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, шекараның Тибет жағында кемінде 558 адам із-түзсіз жоғалған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жоғалғандар арасында екі қазақстандық әйел бар екенін растады. Министрлік жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп, отандастарымыздың туыстарымен байланыста отыр.
Халықаралық қауымдастық Непал мен Тибеттің су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жеткізуге тырысып жатыр. Алайда туристер мен зияратшылар жиі баратын таулы аймақта ондаған көпір мен бірнеше шақырым жолдың қирауы іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.
2026 жылғы 26 тамызда Непалда кенеттен болған алапат су тасқыны ауқымды қирауға әкеліп, 389-дан астам адамның өмірін қиды. Табиғи апатқа мұздықтың ауқымды бөлігінің опырылып түсуі себеп болған.
Таңертең Гималайдағы мұздықтың алып бөлігі үзіліп, Непалдың Лангтанг ұлттық саябағындағы аңғарға құлаған. Бұл аумақ ел астанасы Катмандудан солтүстікке қарай шамамен 60 шақырым жерде, Непал мен Тибет арасындағы таулы шекараға жақын орналасқан.
27 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономиялық ауданындағы жойқын селдің қайғылы салдарына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. Сондай-ақ із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларымен тезірек қауышатынына үміт білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:34, 28 тамыз 2026
Археологтар жасы 2500 жылдық құдықтың түбіне үңілді: ішінен табылған заттар оларды таңғалдырды
-
13:14, 28 тамыз 2026
Жоғалған рюкзак 60 жылға жуық уақыттан кейін 86 жастағы альпинистке қайтарылды
-
12:56, 28 тамыз 2026
Басшысы 200 рет отырып-тұруға мәжбүрлеген әйел ауруханаға түсті
-
12:43, 28 тамыз 2026
АҚШ-та немере ағасы 10 жастағы туысын орманға алдап апарып, өлтірген
-
10:57, 28 тамыз 2026
Трамп Канадамен арадағы жанжал аясында тағы бір нысанның атауын өзгертті





