Немістің аты неміс. Германияның орыстан 14 ерекшелігі

12:58, 24 сәуір 2019

Немістің үнемділігі мен ұқыптылығын бәріміз білеміз. Тәртіп қанында бар халық. Германия дегенде орыс эмигранттарын таң қалдыратын 14 ерекшелік мынау:

1. Банкроттық. Қарыз

Фото: museumsdorf.info.

Германия қарызы бар адамдарға кешіріммен қарайды. Миллиондаған қарызы барлар да емін-еркін бостандықта жүреді. Тек банкрот болдым деп жариялап, кез-келген тұрақты жұмысқа орналасып алсаңыз – ай сайын сізге 1000 евро төленеді, қалған ақша қарызды өтеуге жұмсалады.

2. Заттарды жөндеу

Германия жөндеу деген өте қымбат. Сағат болсын, тұрмыстық техника, автокөлік болсын – жөндеу құны арзан болғане емес. Бұл елдің адамдары сынған затты жөндеуге апарғанша, лақтырып жібергенді жөн санайды.

3. Сыра

Германия сыра деген жай сусын емес – жатқан философия. Әр өңірде сыраның әртүрлі сұрыпы бар. Германияда сыраны қоғамдық көліктен өзге жердің бәрінде іше беруге болады. Жұмыста жүріп түскі үзілісте сыра ішіп алсаңыз – сізді ешкім сөкпейді.

4. Фашизм белгілері

Фото: Pinterest

Немістер Екінші дүниежүзілік соғыс үшін өздерін әлі де кінәлі санайды. Кезінде нацист болғаны үшін жаман ұялады. Сондықтан фашизм символикасы үшін түрмеге отырызып тастауы әбден мүмкін.

5. Нан

Германияда нанның мыңдаған түрі бар. Халық таңертең жаңа піскен нан жеуі үшін наубайханалар түнгі бірде жұмысқа кіріседі. Етеккірі келген әйелдердің нанды орауына тыйым салынған, ондай нан тез көгеріп кетеді деп саналады.

6. Қалай сөйлеседі

Біреудің әңгімесін тыңдағысы келмесе, олар өтірік ия, ия деп бас изей береді.

7. Секс-топтар

Берлиннің қазіргі мэрі, Гамбургтің бұрынғы мэрі – гомосексуалистер. Неге деген толеранттылық деңіз.

8. Немістің әйелдері

Бұрындары неміс әйелдері онша әдемі емес деп саналатын. Бірақ қазір елге келетін туристер саны көбейген сайын, олардың әйелдері де өздерін күтіп, сәнге құмартып келеді деседі.

9. Парақорлық

Фото: DW

Германия парақорлық мүлдем жоқ деуге келмейді. Немістер тұрақтылықты қатты бағалайды, ұсақ-түйек ақша үшін тәуекелге бармайды. Лауазым иесіне берілетін пара кемінде 50 000 евродан басталады.

10. Психологке барады

Немістер материалист болып келеді. Жұмыстан айырылғанда жаман қайғырады. Жүйкелері сыр беріп, психологтердің көмегіне жүгіреді.

11. Көшедегі қоқыс

Темекі тұқылын көшеге тастай салсаңыз – 20 евро айыппұл келеді. Немістер тазалыққа тым құмар келеді.

12. Баға

Германияда тіршілікке ең қажетті дүниелер қымбат болмайды. Ал енді байлық пен жайлылыққа арналған жылтыраған дүниелердің бағасы удай.

13. Неміс қызымен кездесу

Қызбен бірге тамақ ішкен соң қалтаңыздан ақшаңызды бірден шығара қоймаңыз. Неміс қыздары еркектерден тәуелсіз болғанды қалайды. Ол жақта еркек пен әйел ақшаны тең бөліп төлейді.

14. Немісше төбелес

Немістер төбелесті ешқашан бірінші болып бастамайды. Менталитеті сондай екен. Ал енді төбелеске бір кіріссе – бірі өліп бірі қалғанша тоқтамайды. Сізді біреу ұрып қалса – жауабын 1 секундтан асырмай беру керек. Одан кешіксеңіз, төбелесті бастаған сіз боласыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!