Наразылықтар өршуде: Дональд Трамптың әкімшілігі Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияның екі мың сарбазын жіберді
© Сурет: X/@Comrade_Dawar
Лос-Анджелесте заңсыз мигранттарға қарсы рейдтерге байланысты өткен наразылық шаралары кезінде қақтығыстар болды. Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қалаға екі мың Ұлттық гвардия сарбазын жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом бұл шешімге қарсы шығып, Пентагон басшысы Пит Хегсеттенға Ұлттық гвардияны орналастыруды тоқтатуды талап етті. Ол мұны штаттың егемен құқығын бұзу деп атады.
"Мен ресми түрде Дональд Трамп әкімшілігінен Лос-Анджелес округіне заңсыз түрде жіберілген сарбаздарды кері қайтарып, оларды менің қарауыма беруді талап еттім", – деп жазды Ньюсом әлеуметтік желіде.
I have formally requested the Trump Administration rescind their unlawful deployment of troops in Los Angeles county and return them to my command.
— Gavin Newsom (@GavinNewsom) June 8, 2025
We didn’t have a problem until Trump got involved. This is a serious breach of state sovereignty — inflaming tensions while… pic.twitter.com/tOtA5dcfxc
Осы ретте Дональд Трамп елдегі наразылықтар аясында алдағы уақытта шерулер кезінде маска тағуға тыйым салынатынын мәлімдеді.
"Бұдан былай наразылық акцияларында маска тағуға рұқсат берілмейді. Бұл адамдар не жасырып жүр және не себепті?" – деп жазды ол Truth Social парақшасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





