Мьянмада бұрынғы президент пен ұлт көшбасшысы сотталды
© WikiCommons
Оған халықты бүлік жасауға итермеледі, санитарлық нормаларды бұзды деген айып тағылған.
Мьянмада тағынан тайдырылған елдің көсемі, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжи бүлік шығарды және санитарлық нормаларды бұзды деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы жылдың ақпан айында Мьянмадағы билікті әскерилер басып алды. Ол елдің сыртқы істер министрін, президент Вин Мин мен ұлт көшбасшысы, 76 жастағы Аун Сан Су Чжиді қолға түсірген.
Бұл маңызды оқиғалар парламенттік сайлаудан кейін орын алды, онда Аун Сан Су Чжидің "демократия үшін Ұлттық Лигасы" партиясы 70% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Алайда, әскери қолдау көрсеткен "Одақтық ынтымақтастық және даму партиясы" нәтижелермен келіспеді және сайлау нәтижелері жалған деп мәлімдеді.
Әскери күштер Аун Сан Су Чжиға қатысты бірнеше айып тағып, қамауға алған деп жазады CNN. Оларға сыбайлас жемқорлық, сайлау науқаны кезінде санитарлық нормаларды бұзу, арандату мен мемлекеттік құпияны жаряилау заңын бұзу бойынша айып тағылды.
Алайда Аун Сан Су Чжи өз кінәсін мойындаған жоқ.
6 желтоқсанда өткен сотта көшбасшыны халықты бүлікке итермеледі, санитарлық нормаларды бұзды деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге Мьянманың тайдырылған мемлекет басшысы Вин Мьин де төрт жылға сотталды деп хабарлайды.
Аун Сан Су Чжи Мьянмадағы Нобель сыйлығының алғашқы лауреаты болды. Сыйлық оған 1990 жылы демократия мен адам құқықтары, зомбылықпен күрескені үшін берілді.
Ол сонымен қатар Сахаров марапатаның лауреаты. Алайда 2020 жылы Еуропарламент оны "қабілетсіздігі" үшін осы сыйлықтан айырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:21, 12 желтоқсан 2024
Түркиядағы сириялықтар үйлеріне қайта бастады
-
11:09, 12 желтоқсан 2024
Оңтүстік Корея президенті тақтан түсіп қалуы мүмкін
-
10:17, 12 желтоқсан 2024
Бразилия президентіне шұғыл операция жасалды
-
20:51, 11 желтоқсан 2024
Сирияда қарулы топ Башар Асадтың әкесі жатқан кесенеге баса-көктеп кірді
-
11:55, 11 желтоқсан 2024
Кенияда заңсыз алтын іздеген бес кенші оқыстан қайтыс болды