Моңғолияда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

12:01, 20 наурыз 2020

Жұма күні батыс Моңғолияда Қытаймен шекаралас жерде 5,9 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 11.03-те (Мәскеу уақытымен 6.03) ҚХР-дың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Хами қаласынан солтүстікте 360 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!