Молдова президенті Майя Санду сайлау нәтижелерінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады

10:54, 21 қазан 2024

© Сурет: X/sandumaiamd

Ол соңғы сайлауға сыртқы күштер араласты деген үлкен айып тағып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ол өзінің х парақшасында жарияланған жазбасында, Молдова бостандық пен демократияға қатысты бұрын-соңды болмаған шабуылға тап болды деп мәлімдеді.

"Қылмыстық топтар шетелдік күштермен бірге елімізді белгісіздік пен хаос аймағына енгізу үшін ондаған миллион еуро, өтірік үгіт-насихат арқылы елімізге шабуыл жасады. Бізде қылмыстық топтың мақсаты 300 мың дауыс сатып алу екендігі туралы дәлелдер мен ақпарат бар". Майя Санду

Президент түпкілікті нәтижелерді күтетінін, оның қорытындысы бойынша одан әрі іс-қимыл туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Иракта MBС телеарнасының штаб-пәтері талқандалғаны хабарланды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!