МАГАТЭ Ирандағы ядролық нысандардан тыс аумақта радиация мөлшерінің арту фактісін тіркемеді

© Сурет: pixabay
Халықаралық Атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) америкалық әуе күштері жасаған соққылардан кейін Ирандағы ядролық нысандардан тыс аумақта радиация деңгейінің шекті мөлшерден асуы туралы ақпарат өздеріне келіп түспегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта, агенттіктің мәлімдемесіне сәйкес, радиациялық өріс деңгейінің артуы тіркелген жоқ.
"Иранның үш ядролық нысанына, соның ішінде Фордоға жасалған шабуылдарға байланысты МАГАТЭ қазіргі уақытта объектілерден тыс аумақтарда радиация деңгейінің артуы тіркелмегенін растай алады. МАГАТЭ Ирандағы жағдайды ары қарай бақылап, жаңа ақпарат түскен жағдайда қосымша хабарландыру жасайды", делінген МАГАТЭ-нің Х әлеуметтік желісіндегі хабарламада.
Бұл ретте NASA Иран ядролық нысаны тұсынан күшті жылу жарылыстарын тіркеді.
2025 жылдың 22 маусымына қараған түні АҚШ Әскери-әуе күштері "Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордо, Натанз және Исфаханға" шабуыл жасады. Трамп бұдан кейін Тегеран қақтығысты тоқтатуға келісуі керек деп санайды.
Айта кетсек, Иран мен Израиль арасында 13 маусымнан бастап кезек-кезек атыс жүріп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 13 шілде 2025
Калифорнияда 6,7 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін
-
15:37, 13 шілде 2025
Бөтен біреу АҚШ-та түлектер кездесуі кезінде айналаға оқ жаудырған
-
14:46, 13 шілде 2025
Израиль Тегеранға әуеден шабуыл жасады. Иран президенті жарақат алды
-
13:41, 13 шілде 2025
ХАМАС Газа гуманитарлық көмек қорын таратуды талап етті
-
12:54, 13 шілде 2025
Түркия астанасында 26-қабатты тұрғын үй отқа оранды. Қаза тапқандар бар