Қытайда оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған таксист қамауға алынды
Қытайда 16 жастағы оқушы қызды 24 күн бойы секс-құлдықта ұстаған таксист қамауға алынды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Прокуратура деректеріне сай, 13 ақпанда оқушы қыз Хунань провинциясының Шаньцзян қаласында такси тоқтатқан. 50 жастағы Лун есімді таксист өзінің микроавтобусымен қызды баратын жеріне жеткізіп тастауды ұсынады. Бірақ бір қауіпті сезген қыз минивэннен секіріп түскен, алайда Лун оның қашуына жол бермей, көлікке қайтадан күштеп тығады. Сосын басына мөшек кигізіп, аузына скотч жапсырған.
Қызды үйінің қараңғы, салқын жертөлесіне әкеп, қолы мен мойнына темір шынжыр байлады.
Қылмыскер бұрын-соңды үйленбеген. Қыз ұрлау жоспарын 2016 жылдан бері ойластырып, жертөлесі бар үй салған. Wechat әлеуметтік желісінде жарияланған ақпаратқа қарағанда, ер адам порнографияны көп көріп, санасы бұзылған.
Ал жәбір көрген қызбен қазір бірден екі психолог жұмыс істеуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





