Қытай халқының саны 1 млрд 382 млн адамнан асты
2016 жылы Қытай халқының саны 1 млрд 382 млн адамнан асты. Халық саны мұндай көрсеткішке Қытайдың әкімшілік аймақтары Гонконг пен Макао халқын қоспағанда жетіп отыр.
2016 жылы мемлекетте 17,86 млн сәби дүниеге келген, 9,77 млн адам қайтыс болған. Ер адамдар саны — 708,15 млн, әйелдер саны — 674,56 млн. Қытайлық мамандардың сөзінше, елде ерлер саны көп және 2020 жылға қарай 4 млн еркек отбасын құра алмауы мүмкін.
Еңбекке қабілетті адамдар саны (16-59 жас) 907,47 млн адамды құрайды. Ал зейнет жасындағы қытайлықтардың саны (60 жастан жоғары) — 230,96 млн адам. Бұл жалпы халық санының 16,7%-ы.
Қалалақ жерлерде 792,98 млн адам тұрса, елдімекендерде тұратындар — — 589,73 млн адам. Қала тұрғындарының саны 2016 жылы 21,82 млн адамға өссе, ауылды жерлерде 13,73 млн адамға қысқарған.
Дереккөз: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:49, 7 мамыр 2026
Круиздік кемеде хантавирус жұқтырған жолаушылар саны сегізге жетті
-
19:12, 7 мамыр 2026
Қытайда бұрынғы қос қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді
-
18:21, 7 мамыр 2026
Пашинян Украина мәселесі бойынша Ресей СІМ өкілінің айыптауына жауап қатты
-
17:05, 7 мамыр 2026
Хантавирус мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұғуы мүмкін бе - маман жауабы
-
12:52, 7 мамыр 2026
Еуропада керосин тапшы





