Қырғызстанда террористік курс оқыған қылмыскер ұсталды

11:32, 16 ақпан 2018

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері террористік акт жасау үшін арнайы дәріс оқыған терроршыны ұстады, деп хабарлайды Baq.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.

«Халықаралық лаңкестік ұйымдардың республика территориясына енуіне жол бермеу және терроризмге қарсы әрекет ету бойынша қолданыстағы лаңкестік шаралары барысында жерасты террористік топтың белсенді мүшесі Қырғыз Республикасының 1992 жылы туылған азаматы ұсталды. Сириядағы қылмыстық топтың мүшесі ретінде ұсталған адам әскери оқуды және республикада террористік актілерді жасау үшін арнайы «суицидтік бомбардировщик» курсын оқыған», - делінген Қырғызстан СІМ-нің баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адамға қатысты Қырғызстан Республикасы қылмыстық кодексінің «шет мемлекеттің аумағында қарулы қақтығыстарға немесе әскери іс-қимылдарға қатысу, лаңкестік және экстремистік тренингтен өту» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде Қырғызстанның жарты мыңнан астам азаматы, оның ішінде кәмелетке толмағандар Сирия мен Ирактағы халықаралық лаңкестік ұйымдардың қатарында. Өткен жылы Ішкі істер министрлігі Қырғызстан азаматтарын шетелде соғыс қимылдарына қатысқан 200-ден астам фактіні анықтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!