Каталония Испаниядан бөліну үшін референдум өткізеді

08:51, 8 қыркүйек 2017

Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон Испаниядан бөліну үшін референдум өткізу туралы заңға қол қойды.

Құжатты автономды аймақтың парламенті қабылдады. Заң жобасын ондағы 135 депутаттың 72-сі қолдап, 11-і қалыс қалды. Алайда дауыс беруге 83 депутат қана қатысқан. Өйткені парламенттегі «Халықтық», «Социалистік» және «Азаматтар» партиясының өкілдері оны талқылаудан бас тартып, залдан шығып кетті. Ал референдумда тұрғындарға «Каталонияның республикалық басқару түріндегі тәуелсіз мемлекет болуын қалайсыз ба?» деген сұрақ қойылмақ.

Карлес Пучдемон, Каталония үкіметінің төрағасы:

– Өздеріңіз білетіндей үкімет 1 қазанда аймақтың тәуелсіздігі жөнінде референдум өткізу туралы заңды бекітті. Сонымен бірге қосымша шаралар туралы да қаулы қабылданды. Құжатты Каталония парламентінің қабылдауымен жүзеге асырдық. Сондықтан біз азаматтарды Каталонияның болашағы қандай жолмен даму керектігін анықтауға шақырамыз.

Ал Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталония парламенті бекіткен заңның күшін жою үшін конституциялық сотқа жүгінбек. Үкімет басшысы мемлекеттік кеңестен осындай қорытынды шығаруды сұрады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!