Карачиде аптап ыстықтан 65 адам көз жұмды

10:58, 22 мамыр 2018

Пәкістанның оңтүстігіндегі портты қала Карачиде аптап ыстық салдарынан соңғы үш күнде 65 адам көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы жергілікті әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, дүйсенбі күні сынап бағанасы 44 градус ыстықты көрсеткен.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері аyа райы температурасы бірқалыпты болып қалады. Сондықтан жағдай одан ары ушығуы мүмкін деп дабыл қақты.

Айта кету керек, бұл қапырық ыстық Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Қайтыс болғандардың дені – Карачидің әлеуметтік жағдайы төмен аудандары тұрғындары. Әзірге үкімет ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда Пәкістан халқы 2015 жылғы оқиғаның қайталануы мүмкін екенін айтады. Осыдан үш жыл бұрын ми қайнатар аптапта 1300 тұрғын бақилық болған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!