Қамалсын! Бішкекте қырғыз халқы митингке шықты

13:30, 25 қараша 2019

Қырғызстан астанасындағы "Ала-Тоо" алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы митинг басталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл шараны ұйымдастырған қоғам белсенділері биліктен рұқсат сұрамаған.

Наразылық шарасына 200-дей адам қатысуда. Олар биліктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, жемқор шенеуніктерді қамауға алуды талап етуде.

Митинг өтіп жатқан жерде құқық қорғау органдары қызметкерлері кезекшілік етуде.

Бұл митингке қырғыз журналистерінің кедендегі көлеңкелі схемалар жайында жүргізген зерттеуі себеп болып отыр. Мақала авторлары жазғандай, бұл жемқорлық схемасына биліктегі бірқатар шенеуніктердің қатысы бар. Журналистердің есебінше, бірнеше жыл бойғы жемқорлардың әрекетінен мемлекетке келтірілген шығын көлемі жүздеген миллиард долларға жетеді.

Осыған ұқсас митингтер елдің өзге қалаларында да жоспарланған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!