Испанияда концерт кезінде оқыс оқиға орын алып 300 адам зардап шекті

15:37, 13 тамыз 2018

Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан концерт кезінде көрермендер отырған ағаш платформа құлап, соның салдарынан 300 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тоғыз адам ауруханаға жатқызылған, соның екеуі кәмелетке толмағандар.

Оқыс оқиға спорт және мәдениет фестивалі аясындағы концерт өтіп жатқан кезде болған. Хабарларға қарағанда, адам шығыны жоқ.

Құқық қорғау органдары оқыс оқиғаның егжей-тегжейін тексеріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, ағаш платформа көрермендердің шамадан тыс көбеюінен құлап түскен болуы мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!