Иран ауған азаматтарын елдеріне депортацияламақ
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Иран миллиондаған ауған босқындары мен мигранттарына елден кетуді бұйырды. Әйтпесе, олар тұтқындалуы мүмкін, себебі үкімет белгілеген елде болу мерзімі аяқталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Hindustan Times басылымының мәліметінше, гуманитарлық ұйымдар алаңдаушылық білдіріп, жаппай депортация Ауғанстанды одан әрі тұрақсыздандыруы мүмкін екенін ескертті. Ауғанстан қазірдің өзінде әлемдегі ең кедей елдердің бірі саналады.
Тегеран елге кедейлік пен жаңа үкіметтің заңдарынан қашып келген ауған азаматтарына 6 шілдеге дейін елден шығу мерзімін белгіледі.
Бұл шаралар Израильмен болған 12 күндік қақтығыстан кейін қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық пен шиеленістің күшеюі аясында қабылданып отыр. 21–22 маусымда АҚШ Иранға қарсы "Түнгі балға" операциясы аясында ядролық нысандарға соққы жасаған болатын.
Қазіргі уақытта Иранда шамамен 4 миллионға жуық ауған азаматы тұрады. Олардың көбі бұл елде бірнеше жылдан бері өмір сүріп келеді. 2023 жылы Иран үкіметі заңсыз шетелдіктерге қарсы қысым жасауды бастаған болатын.
Бұған дейін Калифорнияда отшашу сақталған қойма өртеніп, жойқын жарылыс болғандығын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:13, 23 маусым 2026
Таиландтан оралған ресейлік турист қауіпті инфекция жұқтырып, ауруханаға түсті
-
12:47, 23 маусым 2026
Қара және Каспий теңіздері жағалауында жыландар көбейгені хабарланды
-
11:53, 23 маусым 2026
Францияда ыстықтан 18 адам қайтыс болды
-
11:49, 22 маусым 2026
Бразилияда 30 миллион адамға жалған «шұғыл ескерту» жіберілді
-
10:46, 22 маусым 2026
Түркияда үйлену тойындағы дәстүр жаппай жарақатқа әкелді





