Иран АҚШ-пен келіссөздер туралы жаңа мәлімдеме жасады
© Сурет: magnific
Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ-пен жүргізіліп жатқан диалогты Тегеранның берілуі ретінде қарастыруға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жасаған жазбасында Ислам Республикасы келіссөздерге ұлттық мүдделерді сақтай отырып, абыроймен және сенімді түрде қатысып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Иран халқының заңды құқықтарынан ешқашан бас тартпайтынын жеткізді.
"Диалог берілу дегенді білдірмейді. Иран Ислам Республикасы келіссөздерге абыроймен, беделімен және халықтың құқықтарын сақтай отырып қатысады және еш жағдайда өз халқы мен мемлекетінің заңды құқықтарынан бас тартпайды. Біз ақыл-парасатпен және бар күшімізбен соңғы деміміз қалғанша халыққа қызмет етіп, Иранның мүддесі мен абыройын қорғаймыз", – деп жазды Пезешкиан.
گفتوگو به معنای تسلیم نیست. جمهوری اسلامی ایران با عزت، اقتدار و حفظ حقوق ملت وارد گفتوگو میشود و به هیچ عنوان از حقوق قانونی مردم و کشور عقبنشینی نمیکند. ما با منطق و با تمام توان، تا پای جان، در خدمت مردم و حافظ منافع و عزت ایران خواهیم بود.
— Masoud Pezeshkian (@drpezeshkian) May 18, 2026
Бұған дейін Израиль Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды қайта жандандыруға кірісіп жатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:29, 23 шілде 2026
Ұлыбритания толықтай электронды визалар жүйесіне көшті
-
11:53, 23 шілде 2026
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты
-
11:32, 23 шілде 2026
Парижге саяхаттап келген миллиардер 1,3 млн еуролық әшекейлерін қолды қылды
-
17:15, 21 шілде 2026
Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасы: ойындарға билетті қалай сатып алуға болады
-
10:45, 21 шілде 2026
Сингапурда туристер құны 72 миллион теңгелік гауһар тасты ұрлап кеткен





