Instagram ұзақтығы бір сағат болатын видеоларды жүктеуге рұқсат беруі мүмкін

10:42, 6 маусым 2018

Таяуда Instagram желісі өз қолданушыларына ұзақтығы 1 сағатты құрайтын видеоларды жүктеуге рұқсат беруі мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымда хабарланғандай, Instagram-ға иелік ететін Facebook-тегілер аталған қосымшаның қолданушылары жүктейтін видеолардың ұзақтығын 1 сағатқа ұзарту мүмкіндігін қарастыруда. Қазіргі уақытта Instagram-да ұзақтығы 1 минуттан аспайтын видеоларды ғана жүктеуге болады.

Сонымен қатар басылымда бұл өзгерістің тік форматта ғана түсірілген видеоларға қатысты болуы мүмкін екені аталған. Ал мұндай формат Instagram Stories қызметіне тән. Оның көмегімен суреттер мен ұзақтығы 15 секундтан аспайтын видеоларды жүктеуге болады.

Әзірге 1 сағаттық видеоларды жазу немесе жүктеу тек Instagram Stories қызметіне ғана енгізілетіні немесе жалпы Instagram қызметінің өзіне енгізілетіні белгісіз. Басылымда аталғандай, әзірге бұл өзгеріске қатысты түпкілікті шешім қабылданған жоқ және жоспарлары өзгеруі мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!