Гватемала елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге шешім қабылдады

09:50, 25 желтоқсан 2017

Гватемала президенті Джимми Моралес Израилдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп жазады Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бүгін (24 желтоқсан) Израилдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлестім… Маңызды мәселелердің бірі Гватемала елшілігін Иерусалимге қайтару болды. Сыртқы істер министріне осы орайда тиісті шаралар қабылдауға тапсырма бергенімді хабарлаймын", — деп жазды Моралес Facebook желісінде.

Израиль елу жыл бұрын Иерусалимді Иорданиядан қайтарып, кейін аннексиялаған еді. Көптеген ел аннексияны мойындамай отыр, сол себепті елшіліктердің басым бөлігі Тель-Авивте орналасқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!