Геологтар Антарктида үстіндегі ауада алтын бөлшектерін анықтады
© Сурет: magnific
Антарктида аумағында, адам аяғы сирек басатын кеңістіктерде, көптеген жанартаулар бар. Тек Батыс Антарктида мен Бэрд жерінде ғана 138-ден астам мұз астындағы жанартау тіркелген, олардың көпшілігі белсенді емес күйде, деп хабарлайды Zakon.kz.
IFLScience деректеріне сәйкес, ғалымдар осы оңтүстік аймақта орналасқан жанартаулардың бірі қоршаған ортаға кристалданған алтын бөлшектерін таратып жатқанын анықтаған.
Қазіргі таңда Антарктидадағы ең қуатты жанартау – Эребус. Ол 1841 жылы поляр зерттеуші сэр Джеймс Кларк Росс тарапынан HMS Erebus кемесінің құрметіне аталған. Бұл кеме кейін Франклин экспедициясы кезінде жоғалып кеткен.
Эребус жанартауы Росс аралында орналасқан, биіктігі 3764 метр. Бұл Антарктидадағы екінші ең биік жанартау (ең биігі – Сидли тауы).
Жанартаудың кратеріне тікелей қараған жағдайда оның түбінде жарық шашқан аймақ байқалады. Бұл – 1972 жылдан бері белсенді болып келе жатқан лава көлі, ол Эребус жанартауының үздіксіз әрі ерекше құрамды атқылауларына себеп болып отыр.
Ғалымдардың айтуынша, жанартау күн сайын құрамында микроскопиялық алтын кристалдары бар газ бен бу шығарады. Бұл бөлшектердің өлшемі 20 микрометрден аспайды.
Тәулігіне шамамен 80 грамға дейін алтын бөлінуі мүмкін, оның құны шамамен 6000 доллар деп бағаланады. Бұл алтын кең аумаққа таралып кетеді. Тіпті оның іздері атмосферадан 1000 шақырым қашықтықта да анықталған.
Мамандардың болжамынша, болашақта Антарктида аумағында алтын бөлшектері өте көп мөлшерде таралуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Норвегияның Солтүстік теңіздерде 6000 метр тереңдікте зерттеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:07, 15 тамыз 2026
Оңтүстік Корея президенті Корей соғысын түпкілікті аяқтауға үндеді
-
10:05, 15 тамыз 2026
Индонезияда жер сілкінісі болып, ғимараттар қирады
-
16:13, 14 тамыз 2026
Қырғызстан мен Тәжікстанда жарық өшті
-
13:33, 14 тамыз 2026
Жапаров Ташиевтің 2027 жылы президент болу мүмкіндігі туралы айтты
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды





